Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » «Өте қиын болды, бірақ біздің қолымыздан келді»: «Солнечный дом» қорының балалары Ыстамбұлдан медальмен оралды

«Өте қиын болды, бірақ біздің қолымыздан келді»: «Солнечный дом» қорының балалары Ыстамбұлдан медальмен оралды

26 қазанда Ыстамбұлда теннис, жеңіл атлетика және жүзуден ерекше спортшылар арасындағы жарыс аяқталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жарысқа сегіз елден 200 адам қатысты. Қазақстан атынан 15 спортшы барды, бұл – біздің ел үшін мұндай деңгейдегі бірінші жарыс. Ел намысын қорғауға Петропавлдан аттанған үш спортшының барлығы да лайықты нәтиже көрсетті.

Рустам Есімов 60 метрге жүгіруде бірінші орын алды. Сол қашықтықта, тек қыздар арасында Валерия Казацкая күміс жүлдегер атанса, 100 метрге жүгіруде Татьяна Швец қола жүлдегер атанды.

«Өте қиын болды, мойындаймын. Бұл қордың құрылғанына 8 жыл болса да, біздің саңлақтар үшін бірінші жарыс енді өтті. Біздің спортшылар жеңіл атлетикамен ақпан айында ғана айналыса бастады, оған дейін аздап жүзумен айналысты. Мүмкіндікті жіберіп алмадық. Біздің спортшылар өздерін сенімді сезініп, қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Бұл медальдар оларға жаңа белестерді бағындыруға қосымша жігер береді деп ойлаймын», – деп өз әсерімен бөлісті «Солнечный дом» қоғамдық қорының директоры Анастасия Швец.

 

Shares