Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Қазақстан Еуро-2024 іріктеу матчында Финляндияны сенсациялық түрде жеңді

Қазақстан Еуро-2024 іріктеу матчында Финляндияны сенсациялық түрде жеңді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу матчында сырт алаңда Финляндиямен ойнады, – деп хабарлайды QZ Media тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Хельсинкидегі кездесу 1:2 есебімен Магомед Адиев командасының пайдасына аяқталды. 28-минутта алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Роберт Тейлор айып добын шебер орындап, командасын алға шығарды. Алайда 77-минутта Бахтиёр Зайнутдинов пенальтиді сенімді түрде орындап, есепті теңестірді.

90-минутта Зайнутдинов дубль жасап, Қазақстан құрамасына жеңіс әкелді. Осылайша ол ұлттық құрама сапында сұрмергендердің тізімін бастады. Ұлттық құрама H тобында 15 ұпай жинады.

Финляндия – Қазақстан 1:2 (1:0)

Голдар: Тейлор 28 (1:0), пенальтиден Зайнутдинов 77 (1:1), Зайнутдинов 90 (1:2).

Айта кетейік, 17 қарашада Қазақстан өз алаңында Сан-Марино құрамасын қабылдайды.

 

Shares