Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда Жамбыл Тасеменовтың құрметіне грек-рим күресінен турнир өтті

Петропавлда Жамбыл Тасеменовтың құрметіне грек-рим күресінен турнир өтті

Петропавлда грек-рим күресінен республикалық турнирдің салтанатты ашылуы өтті. Шара Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері Жамбыл Тасеменовтің құрметіне арналды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жамбыл Серғазыұлы – Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, спорт ардагері. Ол көптеген талантты спортшы мен чемпионды дайындады. Турнир оның құрметіне 17-ші рет өткізіліп отыр.

Спорт мектеп-интернатының қабырғасына 180-нен астам палуан жиналған. Қатысушылар Қостанай, Қарағанды, Көкшетау және Атырау облыстарынан келді. Барлығы – 20 команда. Сонымен қатар, жарысқа Ресейдің екі қаласынан – Омбы мен Қорғанның спортшылары қатысты.

«Бұл турнир осы спорт түрін кеңінен насихаттау және грек-рим күресін дамыту мақсатында өткізіліп отырғанын атап өткім келеді. Бұл – олимпиадалық спорт түрі. Солтүстік Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде де, колледждердің спорт интернатында да, жоғары спорт шеберлігі мектебінде де, олимпиадалық дайындық орталығында да грек-рим күресі бар», – дейді дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов.

Shares