Солтүстікқазақстандық каратэшілердің қоржыны жаңа медальдармен толықты
27-29 қазан аралығында Рудный қаласында мейбукан годзю-рю каратэ-додан республикалық турнир өтті. 8 бен 15 жас аралығындағы солтүстікқазақстандық спортшылар додада тамаша нәтиже көрсетіп, 15 алтын, 6 күміс және 5 қола медальмен оралды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының каратэшілері – халықаралық және республикалық жарыстардың тұрақты қатысушылары және жеңімпаздары.
Рудныйда біздің спортшылар бар өнерін көрсетіп, турнир қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орынға ие болды.
Жарыста солтүстікқазақстандық каратэшілердің қоржыны жалпы 26 медальмен толықты.