Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » V Пара Азия ойындарына үш солтүстікқазақстандық қатысады

V Пара Азия ойындарына үш солтүстікқазақстандық қатысады

22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында 5-ші Пара Азия ойындары өтеді. Төрт жылда бір рет өтетін жарыста 22 спорт түрінен 564 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов өз парақшасында жазды, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

«Біздің елдің намысын 131 спортшы қорғайды, оның ішінде үш солтүстікқазақстандық: ХДСШ Харламов Сергей, ХДСШ Залезняк Иван және ҚР СШ Орлов Евгений. Олар бапкерлері Дмитрий Клеев пен Рустам Шокеевпен бірге жарысқа аттанды. Біз оларға сәттілік пен жеңіс тілейміз! Алға, Қазақстан!»,- деп жазды Сергей Мелехов.

 

Shares