Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қаладағы құрылыс алаңдарын аралады

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қаладағы құрылыс алаңдарын аралады

Жексенбі күні облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қаладағы құрылыс алаңдарымен танысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Аймақ басшысы тұрғын үйлердің құрылысы мен абаттандыру жұмыстарының аяқталу барысын тексерді. Петропавл көшелерін жөндеу және саябақтарды салу жұмыстарымен де танысты. «Жас өркен» және «Береке» шағын аудандарында жаңа емханалардың құрылысы аяқталуға жақын. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Орман» шағын ауданында жаңа мектептің құрылысы басталды.

“Барлық нысандарда құрылыс сапасын бақылауды күшейтіп, жұмыстарды мерзімінде аяқтау қажет. Апта сайын құрылыс және жөндеудің барысын тексеріп тұратын боламын” – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.

 

Shares