Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Төмен жағдайда өмір сүруде: Петропавл тұрғыны бөлмесін жекешелендіре алмай жүр

Төмен жағдайда өмір сүруде: Петропавл тұрғыны бөлмесін жекешелендіре алмай жүр

Петропавл қаласының әкімі азаматтарды қабылдау өткізді. Серік Мұхамедиев қала тұрғындарының көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Мәселе абаттандыру саласы, апатты тұрғын үйлер, уәкілетті органдардың іс-әрекеттері және т.б. туралы болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Валентина Попова анасымен бірге Молодежная, 11 мекенжайы бойынша орналасқан коммуналдық пәтерде тұрып жатыр. Үйдің жағдайы мүшкіл: электр сымдар шығып тұр, еден опырылып жатыр, кәріз жүйесі жұмыс істемейді. Құбыр жарылған. Апат тұрғындардың күшімен жөнделген. Қазір бөлме бос. Олар ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде, бірақ күрделі жөндеуді жүргізу мүмкін емес. Себебі, баспананы жекешелендіру қажет.

«Маған тым қымбат болды. Менің бөлмем 1 миллион 189 мың теңгеге бағаланды. Мен бұл сомаға келіспедім. Бүгінге дейін жекешелендіру мүлдем қарастырылмаған деген жауап алдым. 1997 жылдан бері тұрып жатырмыз. Бөлмені көпбалалы анама берген еді», – дейді Петропавл тұрғыны Валентина Попова.

Петропавл әкімі әйелді жеке қабылдауына шақырып, мәселе шешілетін болды.

 

 

Shares