Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстік Қазақстан облысының еріктілері 600-ден астам зейнеткерге көмек көрсетті

Солтүстік Қазақстан облысының еріктілері 600-ден астам зейнеткерге көмек көрсетті

Солтүстік Қазақстан облысының волонтерлері «Qamqor» аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға, жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қар тазалауға, бау-бақшаларды қазуға, абаттандыру жұмыстарын тындыруға жан-жақты көмек көрсетуде. Сондай-ақ, жастар дәрі-дәрмек пен азық-түлік жеткізу, үй жинау, аумақты және жеке учаскелерді қоқыстан тазалауға көмектеседі, дейді QZ Media тілшісі.

2023 жылдың басынан бері еріктілер осындай 390-ға жуық іс-шара өткізіп, 600-ден астам зейнеткер мен жалғыз тұратын қартқа көмек көрсетті. Тамыз айында волонтерлар «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді. Соның арқасында 300-ге жуық бала кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіліп, мектепке дайындауға көмек көрсетілді. Жануарларға арналған орындарға көмектесу бір күндігінің аясында 8-ші тамызда Birgemiz волонтерлік фронт-офисі «Белый Бим» орталығына көмектесті. Еріктілер 30 келіден астам азық-түлік, дәрі-дәрмек және бірінші қажеттілік заттарын апарды.

«Солтүстік Қазақстан облысының еріктілері «Birgemiz: Bilim» ұлттық жобасы аясында егде жастағы адамдарға цифрлық және компьютерлік сауаттылыққа үйрету сабақтарын өткізуде. «Онлайн өмір» акциясы тұрақты түрде өткізіледі. Акцияның мақсаты – егде жастағы адамдарды заманауи цифрлық ортаға әлеуметтік бейімдеу. Сондай-ақ репетиторлық сабақтар қазақ, орыс, ағылшын, математика және компьютерлік сауаттылық бойынша жүргізіледі», – деді брифингіде.

 

 

Shares