СҚО-да су қоймаларын балықтандырудың күзгі жұмыстары басталды
Солтүстік Қазақстанда су қоймаларын балықтандыру жұмыстары басталды. 1 миллионнан астам сазан балығы «еркін жүзуге» жіберіледі, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Балық – ең бағалы тағамдық ресурстардың бірі. Жыл сайын балық аулауды жаны сүйетіндер көбейіп келеді, бірақ ерте ме, кеш пе, аулайтын ештеңе болмай қалуы мүмкін. Бұл мәселенің алдын алу үшін Петропавл балық питомнигінің мамандары облыстың су айдындарын балықпен қамтамасыз етуде. Биыл 1 миллионнан астам сазан балығы өсірілді.
«Сазан балықтарының тұқымын өзіміз аламыз. Өзіміздің аналық балықтарымыз бар, оны мамыр айында инкубациялық цехқа әкеліп, сазан уылдырығын аламыз. Сазан дернәсілін алғаннан кейін оны үш ай бойы питомник аумағындағы тоғандарымызда өсіреміз. Салмағы кем дегенде 12 грамнан асуы керек. Содан кейін біз оларды су қоймаларына жібереміз», – деп атап өтті Петропавл балық питомнигі инкубациялық цехының меңгерушісі Анастасия Молоткова.
19 қыркүйекте Петропавл су қоймасына 450 мың шабақ жіберілсе, 20-сы күні Сергеев су қоймасында да дәл осындай жұмыстар жүргізіледі. Онда 560 мың шабақ жіберіледі.