Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қоғамдық орындарда темекі шегу: 274 петропавлдық жауапқа тартылған

Қоғамдық орындарда темекі шегу: 274 петропавлдық жауапқа тартылған

Қоғамдық орындарда темекі шегу мәселесі өзектілігін жоғалтпай тұр. Жыл басынан бері Петропавлда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы бойынша 274 адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Полицейлер заңнамамен темекі өнімдерін, темекіні жылытуға арналған жүйелерді және бірқатар қоғамдық орындарда электрондық жүйелерін тұтынуға, пайдалануға тыйым салынғандығы жайында еске салады. Оларға білім беру ұйымдарының үй-жайлары мен іргелес аумақтары, медициналық мекемелер, мемлекеттік ұйымдар, қоғамдық тамақтану орындары, спорттық-мәдени объектілер, түнгі клубтар, көппәтерлі үйлердің подездері жатады. Қоғамдық көлікте, жеке көліктің салоны ішінде кәмелетке толмаған бала болса темекі шегуге болмайды. Сондай-ақ, вокзал ғимараттары мен жабық аялдамаларда, өрт қаупімен байланысты жанармай құю станцияларының аумағында темекі шегуге тыйым салынады.

“Тәжірибе көрсетіп отырғандай, облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары подездерде, жанармай құю станцияларында және стадиондарда темекі шегуге тыйым салу ережелерін жиі бұзады. Полиция қызметкерлері мұндай фактілерді адамдармен күнделікті жұмыс барысында, бейнебақылау камералары арқылы, кейде тұрғындардың хабарлауы бойынша анықтап жатады. Айта ету керек, көбінесе темекі шегушілер қоқыс жәшіктерін елемей, мәдени деңгейдің төмендігін көрсетіп тұрады. Жыл басынан бері ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 956 адам жауапқа тартылды. Олардың басым бөлігі -көшелерге темекі тұқылын лақтырып кетеін адамдар. Сондықтан барша тұрғындардан заңнаманың талаптарын сақтауды және айналасындағыларға қарапайым құрмет көрсетуді сұраймыз”,- деп атап өтті Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айдын Ахмагамбетов.

Shares