СҚО тумасы Ризабек Айтмұхан Сербияда өткен әлем чемпионатында тарихи алтынға қол жеткізді
Солтүстікқазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Сербияда өтіп жатқан чемпионатта тарихи алтын жеңіп алды. Белградта жалауын желбіреткен әлем чемпионатында 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық әлемдік турнирлердің екі дүркін қола жүлдегері әзірбайжандық Осман Нурмагомедовпен кездесіп, жігерлі жеңіске жетті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Белдесудің бірінші жартысы Нурмагомедовтың сәл басымдығымен (0:1) аяқталды. Үзілістен кейін қарсылас есепті ұлғайта алғанымен, кейін қазақстандық таразы басын теңестіре алды – 2:2. Соңғы секундтарда түсініксіз сәт болды, Нурмагомедовтың жаттықтырушысы төрешілерден оны қайта қарауды сұрады, бірақ бұл ойлары дұрыс емес болып шығып, қазақстандық жігіт кездесуде жеңіске жетті. Айтмұханның еркін күрестен алған алтыны Қазақстан үшін әлем чемпионаттары тарихында тұңғыш болып тіркелді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны жеңісімен құттықтады.
“Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін”, – деді Президент.