Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады?

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады?

25 қазан күні елімізде ұлттық мереке – Республика күні аталып өтіледі, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Еліміз 25 қазанда тойлайтын ұлттық мереке – Республика күні сәрсенбіге сәйкес келіп тұр. Бұл күні отандастарымыз демалады. Сәрсенбі жұмыс күні болғандықтан демалыс күндері ауыстырылмайды.

Бұл күн бес күндік және алты күндік жұмыс аптасы үшін де демалыс күні болып табылады.

Қазақстандықтар қазан айында демалатын күндер:

  • бес күндік жұмыс аптасымен – 10 күн.
  • алты күндік жұмыс аптасымен – 6 күн.

Еске салайық, 2022 жылдың шілдесінде Ұлттық құрылтай отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндердің тізіміне бірқатар өзгерістер енгізетін кез келгенін айтқан болатын.

«Мен Республика күніне мемлекеттік мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Естеріңізге сала кетейін, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды», – деді Мемлекет басшысы.

 

Shares