Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдың орталығында көлік аударылды

Петропавлдың орталығында көлік аударылды

Таңертең болған жол-көлік оқиғасын әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылауда. Бейінді департамент өкілдері хабарлағандай, Петропавл қаласында Кәрім Сүтішев пен Жамбыл Жабаев көшелерінің қиылысында Mercedes-Benz және Mitsubishi Galant автокөліктері соқтығысып қалды, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде Mitsubishi Galant автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Көлік тротуарға шығып кетіп, аударылып қалды. Көліктің 34 жастағы жолаушысы медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді.

Mercedes-Benz пен Mitsubishi Galant автокөліктерінің 32 және 34 жастағы жүргізушілері медициналық куәландырудан өтуге жіберілді. Алдын ала болжам бойынша екеуі де мас емес.

Бейінді департамент өкілдері хабарлағандай, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері материал жинап жатыр, кейін процестік шешім қабылданатын болады.

 

Shares