Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті қара шаңырақтан бастау алады.   Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды «Адал азаматқа» тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады”, – деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы атап өткендей, берекелі шаңырақ – елімізді үйлесімді әрі орнықты дамытудың мызғымас кепілі. Сондықтан мемлекет ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіруге, отбасы құндылықтарын ұлықтауға баса мән береді.

“Әр отбасының әл-ауқатын жақсарту – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы негізгі міндеттің бірі. Қазақстандағы әрбір шаңырақтың керегесі кең, босағасы берік болсын!Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!”,- делінді Президент құттықтауында.

 

Shares