Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қалалық полиция басқармасында жаңа басшы

Қалалық полиция басқармасында жаңа басшы

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің бұйрығымен Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы тағайындалды. Бұл лауазымға полиция полковнигі Марат Жұмалиев келді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

42 жастағы Марат Ахметжанұлы Жұмалиев Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда туған. Ішкі істер органдарында 2005 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Алғашқы лауазымы – қалалық басқармаға қарасты екінші полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі. Кейін түрлі лауазымдарда, оның ішінде басшылық қызметте болды.

Осыған дейінгі соңғы лауазымы – СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы. Қалалық ПБ жетекшісін таныстырған СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов жаңа басшыға өңірдегі ең ірі полиция бөлінісінің жедел-қызметтік жұмысын ұйымдастыруда сәттілік тіледі.

 

 

 

Shares