Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда елордадан келген азаматтан 230 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді

Петропавлда елордадан келген азаматтан 230 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді

August 24, 2026 18:49

СҚО полиция қызметкерлері Петропавлға синтетикалық есірткінің ірі партиясын алып кіру әрекетінің жолын кесті. Жедел іс-шаралар барысында 12 тамызда облыс орталығына таксимен келген Астана қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Оның сөмкесін тексеру кезінде полицейлер ішінде оралған бумалары бар үш пакет тапты. Тағы бір орама ер адамның қалтасынан шыққан. Тәркіленген зат сараптамаға жіберіліп, оның синтетикалық есірткі – α-PvP екені анықталды. Тыйым салынған заттың жалпы салмағы 230 граммды құрады.

Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, ұсталған азамат психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы бар интернет-дүкеннің тапсырмасын орындап, есірткі тасымалдаушысы әрі жасырын орындарға қоюшы ретінде әрекет етуі мүмкін.

Полицейлердің анықтауынша, ер адам өз сөзінде мұндай қызметпен шамамен екі апта бұрын айналыса бастағанын айтқан. Ол есірткімен Петропавлға екінші рет келген.

Есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Полицияның мәліметінше, синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күрес жедел қызметтің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Жыл басынан бері СҚО аумағында заңсыз айналымнан 462 келі есірткі заты, оның ішінде шамамен 8 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.

Shares