СҚО-да синоптиктер +27°C-қа дейін жылы әрі құрғақ ауа райын болжады

Солтүстік Қазақстан облысында 21 қыркүйектен бастап негізінен құрғақ әрі күзге тән жылы ауа райы орнайды. Кей күндері күндіз ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі. Дегенмен таңертеңгі тұман мен қатты жел қазан айының жақындағанын аңғартады, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 21 қыркүйекте жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Түнгі температура +3…+8°C, күндіз +20…+25°C болады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.
22 қыркүйекте күн райы құрғақ болады. Түнде ауа температурасы +5…+10°C, күндіз +22…+27°C аралығында болады. Батыстан соққын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде қайтадан тұман түсуі ықтимал.
23 қыркүйекте де жылы ауа райы сақталады. Түнде +7…+12°C, күндіз +22…+27°C болады. Жауын-шашын күтілмейді. Жел батыстан соғып, кейін солтүстік бағытқа ауысады. Оның жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Облыстың солтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Ал 24 қыркүйекте ауа райы өзгере бастайды. Өңірдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Дегенмен ауа температурасы салыстырмалы түрде жоғары болады: түнде +7…+12°C, күндіз +20…+25°C. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.
25 қыркүйекте де облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жаууы мүмкін. Солтүстік желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін күшейеді. Ал облыстың батысы мен солтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Түнде ауа температурасы +7…+12°C, күндіз +18…+23°C болады.
