Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Джиу джитсудан өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Самат Мұрат Мамлюткада құрметке бөленді

Джиу джитсудан өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Самат Мұрат Мамлюткада құрметке бөленді

Жерлесіміз Самат Мұрат өңірге керемет жеңіспен оралды. Естеріңізге сала кетейік, джиу джитсудан Әбу-Дабиде өткен әлем чемпионатында Самат 6 кездесу өткізіп, жеңімпаз үштікке енді. Яғни, қола жүлдегер атанды. Бүгін ол туған жерінде – Мамлюткада құрметке бөленді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бүгін Саматты қолдарында гүлдері мен плакаттары бар жандар: оның туыстары, жақындары мен достары қарсы алды. Спорт пен спортшылардың республикалық және әлемдік аренадағы жетістіктерін құрметтейтіндердің барлығы осында жиналды.

Мамлют ауданының әкімі спортшыға құрмет грамотасы мен ақшалай сыйлық табыс етті. Самат ұмтылыстың, шеберліктің және кәсібиліктің жарқын үлгісіне айналды.

Самат алдымен өзін еркін күресте сынап көрді. Оның тәлімгерлері Харис пен Мансур Мамлютовтар болды. Олар күрестің негізін үйретті. Кейін Самат өзін джиу джитсуда сынап көруді шешті. Бағына орай, сәтсіздікке ұшырамады. Ол әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Бірақ демалуға әлі ерте. Алда Қазақстан мен Азия чемпионаты тұр. Саматқа алдағы жекпе-жектерде сәттілік тілейміз.

 

Shares