Теріскей тарихындағы тұңғыш чемпионат бастау алды
Облыс орталығында тұңғыш рет тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен жастар командалары арасында ҚР чемпионаты өтуде, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Зияткерлік сайысқа еліміздің 13 өңірінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келген 250-ге жуық спортшы қатысып жатыр.
Жас қатысушылар бірнеше топқа бөлінеді. Ал 17 жастан 21 жасқа дейінгі жастар өз тобында бақ сынайды.
Алғашқы ойындар Жастар сарайында өтіп үлгерді. Чемпионаттың салтанатты ашылуы да болды.
Командалар 19 қарашаға дейін сынға түсіп, мықтыны анықтайды.