Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО полицейлері бір түнде жолдан шығып кеткен 20-дан астам көлікті шығаруға көмектесті

СҚО полицейлері бір түнде жолдан шығып кеткен 20-дан астам көлікті шығаруға көмектесті

Солтүстік Қазақстандағы қолайсыз ауа райы полиция мен жол қызметтері үшін үлкен сынақ болды. Жолдағы жүргізушілер көліктердің қатуын, үлкен көлемдегі қардың түсуін, дүлей боранның соғуын көрді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Осы уақыт ішінде СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Олардың көмегі жолдан шығып кеткен 20-дан астам жүргізушіге қажет болды. Мысалы, ЖПП қызметінің қызметкерлері Ризабек Ерсайынов пен Данияр Нұртазин Ақтөбеден келе жатқан 32 жастағы кәсіпкерге көмек көрсетті. Opel Astra автокөлігін басқарған адам тас жолда сырғанап, Екатеринбург — Алматы автожолының 780 шақырымында қапталға шығып кеткен. Жүргізуші 102 арнасына қоңырау шалыпты.

“Жолдарда зардап шегу жайты тіркелмеді. Жүргізушілерден қысқы уақытта өте мұқият болуды сұраймыз. Жылдамдық режимін сақтау, қауіпті бұрылыстарда, елді мекендерге жақын жерде жылдамдықты төмендету керек. Ауа райы болжамдарын және ТЖ қызметінің автожолдардың жабылуы туралы хабарламаларын қадағалаңыз!Жабық трассаларға шығу үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ұмытпаңыз!Жол қозғалысы ережелерінің барлығын қатаң сақтаңыз”! – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

 

Shares