Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » СҚО оқушылары “Жұлдызай – 2023” ұлттық инклюзивті ойындарының чемпионы атанды

СҚО оқушылары “Жұлдызай – 2023” ұлттық инклюзивті ойындарының чемпионы атанды

Астанадағы “Жекпе-жек” спорт сарайында 19-21 қыркүйек аралығында “Жұлдызай – 2023” ұлттық инклюзивті ойындары өткізілді. Жарыс үстел теннисі, тоғызқұмалақ, бочча, шағын футбол, асық ату, бес тас, голбол және жеңіл атлетикадан өтті, деп хабарлайды QZ media тілшісі.

“Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат” КММ командасы шағын футболдан жарыстарға қатысты. Топта Қызылорда және Тараз командаларын 9-0 және 2-0 есебімен жеңді. Ал жартылай финалында қостанайлық ұжымды 2-0 есебімен ұтты.

Финалда Алматы қаласынан келген команданы 1-0 есебімен ұтқан СҚО балалары “Жұлдызай-2023” ұлттық инклюзивті ойындарының чемпионы атанды.

 

Shares