Рұқсат етілмеген қоқыс полигондары қашан жойылады?
2021 жылғы шілдеден бастап «Жаңа» экологиялық кодекс күшіне енді, оған сәйкес коммуналдық қалдықтардың айналымын бақылау аудандардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жүктелді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Осыған байланысты қалдықтарды орналастырудың рұқсат етілмеген орындары анықталған кезде координаттары көрсетілген ғарыштық суреттер жою жөнінде шаралар қабылдау үшін ЖАО ға жіберіледі. 2023 жылы 198 рұқсат етілмеген полигон анықталды, 76 мәрте белгіленген шекара бұзылды. Оның 269-сы жойылды. Қалған 5 рұқсат етілмеген полигон жеке аумақта орналасқан
“Рейдтік іс-шараларды өткізу шеңберінде қоқысты шығару және жинау қағидалары, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Шығу барысында мобильді жұмыс тобының қызметкерлері қалдықтарды орналастырудың 61 рұқсатсыз орнын анықтады, 34 қоқыс үйіндісі жойылды. Ағымдағы жылдың басынан бастап 28 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға жалпы сомасы 621 000 теңгеге әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды”, – деді СҚО бойынша экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов.
Сонымен қатар, 2023 жылы келіп түскен өтініштер негізінде ауылдық округтердің екі әкімдігіне қатысты қалдықтарды басқару бөлігінде экологиялық заңнама талаптарының сақталуына жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.
Жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 2,6 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұлдар салынды.