Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Сауалнама: Солтүстікқазақстандықтар Петропавлдың қандай сауда орталығына барғанды құп көреді?

Сауалнама: Солтүстікқазақстандықтар Петропавлдың қандай сауда орталығына барғанды құп көреді?

Петропавлда орналасқан сауда орталықтарында күн сайын көп адамды кездестіруге болады. Ал демалыс күндері тіпті СОО толып кетеді. Кейбір қала тұрғындары азық-түлік сатып алып, кезекте тұрады. Кейбірі тұрмыстық техника немесе киім сатып алады. Балаларды шағын дәмханаларға, кинотеатрларға, ойын бөлмелеріне апаратындар тағы бар.

Біздің редакция қала мен облыс тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, қазіргі уақытта Петропавлдағы сауда орталықтарының қайсысы ең танымал және қайсысы баруға қолайлы екенін анықтауды ұсынады. Әр шағын ауданда өзінің сауда орталығы бар екенін ескере отырып, біз ең танымалдарын таңдадық.

РАХМЕТ. Қалада пайда болған алғашқы сауда орталықтарының бірі. К.Сүтішев көшесі, 58Б мекенжайы бойынша орналасқан. Ол 2008 жылы салтанатты түрде есігін айқара ашты. Мұнда қаладағы брендтік киімдері бар алғашқы бутиктер, тамақтану орындары, ойын бөлмелері пайда болды. Сауда орталығы мереке күндері безендіріледі. Әкімшілік бірінші қабатта фотоаймақтар жасайды.

КВАРТАЛ Mall. Сауда орталығының сайтында атап өтілгендей, “Квартал Mall” – бұл сауда орталығына деген жаңа көзқарас. Ол әркімді таң қалдырады. Орталық 2018 жылы К.Сүтішев көшесі, 60 мекенжайы бойынша ашылды. 10 қабатты ғимарат. Оның бір бөлігі – элиталық бизнес орталық. Екіншісі жаңа форматтағы нарыққа берілген. Ал қалған кеңістік шопингсүйер қауымға, жас жұбайларға, балалары бар отбасыларға арналған.

СИТИ Mall. 2017 жылы ашылды. Уәлиханов көшесі, 56 мекенжайында орналасқан. Үлкен аумақта супермаркет, тұрмыстық техника дүкені, киім-кешек, аксессуарлары бар бутиктер, сонымен қатар тамақтану орындары, кинотеатр, балаларға арналған ойын алаңдары бар.

ДОСТЫҚ Mall. Dostyq Mall танымалдылығы жағынан өзгелерінен кем түспейді. 2019 жылы ашылды. Қазіргі заманғы сауда-ойын-сауық кешені Жұмабаев көшесі, 91 мекенжайы бойынша орналасқан. Ғимараттың қабаттарында киім, аяқ киім, тұрмыстық техника, аксессуарлар мен үй бұйымдарының танымал брендтерін ұсынатын көптеген дүкен орналасқан. Сондай-ақ демалыс және ойын-сауық аймақтары, кафе, кинотеатр бар.

ТАЙГА. Ол Жамбыл Жабаев көшесі, 190 мекенжайы бойынша орналасқан. Ғимараттан сіз бәрін таба аласыз. Тамақ та, киім-кешек пен тұрмыстық техниканы да осы жерден сатып алуға мүмкіндік бар.

ЦУМ. Ол Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 114 мекенжайы бойынша орналасқан. Ғимараттың өзі бай тарихқа ие. Бірақ, сауда орталығы 2006-2009 жылдары пайда болды. Ғимаратта жеке сауда нүктелері мен супермаркет орналасқан.

ЕВРАЗИЙСКИЙ. Бұл сауда нүктесі Интернационал көшесі, 63Б мекенжайы бойынша орналасқан. Ғимараттың бірінші қабатында азық-түлік нүктелері бар. Ал екінші қабаттан киім-кешек пен аяқ киім сатып алуға болады.

СТРАНА ТОВАРОВ. Аталған сауда орталығы Астана көшесі, 27 мекенжайы бойынша орналасқан. Мұнда да керектінің бәрі бар. Ыдыс-аяқтан бастап жиһаздың түр-түрі сөреге қойылған. Ерекшелігі, тауарлар – әртүрлі компаниядан.

СОКОЛ. Бұрын “Әмбебап” дүкен ретінде көпшілікке танымал болды. Қазір “СОКОЛ” супермаркеті ретінде белгілі. Мұнда азық-түлік сатылады. Одан басқа тамақтану орны, аксессуарлар, киім-кешек, электроника және дәріхана бар бутиктер орналасқан.

СЕМЕЙНЫЙ. 2015 жылы ашылды. С.Мұқанов көшесі, 53 мекенжайы бойынша орналасқан. Сауда-ойын-сауық кешенінде гипермаркет, өнеркәсіптік тауарлар аймағы, балалар ойын-сауық орталығы, мейрамхана кешені, өндірістік цехтар орналасқан.

 

2
Какой торговый центр Петропавловска популярен среди североказахстанцев

 

Сізге қандай сауда орталығы көбірек ұнайды? Неге? Өз пікіріңізді қалдырыңыз!

Shares