Ресейде оқушы қыз мектепте атыс ұйымдастырды
Атыс Ресейдің Брянск қаласындағы мектептердің бірінде болды. Қауіпсіздік қызметкерлері ғимаратты лезде қоршап алды, деп хабарлайды QZ Меdia тілшісі Tengrinews.kz. сілтеме жасап.
BAZA Telegram арнасының хабарлауынша, атысты 8-сынып оқушысы ұйымдастырған. Алдын ала ақпарат бойынша, 8-ші “А” сынып оқушысы биология сабағында оқ жаудырған. Ол гимназияның төртінші қабатына көтеріліп, кабинетке кіріп, оқ атқан. Қыз төрт оқушыны жаралады, содан кейін өз-өзіне қол жұмсады.
Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, қыз әкесіне тиесілі мылтықпен атқан.
Mash Telegram арнасының хабарлауынша, мектепте сегізінші сынып оқушысын балалар жиі мазақтаған. Бұл бүгінгі трагедия себептерінің бірі болуы мүмкін. Өйткені сегізінші сынып оқушысы ұлдарға оқ жаудырған.
“Мұның бәрі екінші сабақ кезінде болды. Биология сабағы өтіп жатқан еді. Алина қаруын алып, атуды бастаған сәтте, балалар парталардың астына жасырынды. Мұғалімдер қыз туралы ойлауға тырысты, бірақ ештеңе шықпады. Алинаны қосқанда екі адам қаза тапты. Тағы төртеуі зардап шекті”, – деп жазады Mash.