Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Қорған облысының аграрийлері СҚО-дағы сүт бағытындағы мал шаруашылығының озық тәжірибесін үйренуде

Қорған облысының аграрийлері СҚО-дағы сүт бағытындағы мал шаруашылығының озық тәжірибесін үйренуде

Солтүстік Қазақстан облысына Қорған облысынан Сергей Гаврин бастаған делегация жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамында шекара маңындағы өңірдің жетекші агроқұрылым басшылары болды, деп хабарлайды QZ News.

Сапарға бастамашы болған ресейлік тарап. Бұл СҚО өкілдерінің Қорғанға жасаған сапары негізінде басталған ынтымақтастықтың жалғасы. Сапардың басты мақсаты — агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен сүт бағытындағы мал шаруашылығы бойынша СҚО-ның озық тәжірибесін зерделеу.

Қорғандық аграршылардың ерекше қызығушылығын тудырған жоба — өңірде іске асырылып жатқан заманауи сүт фермаларын салудың ауқымды бағдарламасы болды. Сапар аясында қонақтар Аққайың ауданындағы алдыңғы қатарлы шаруашылықтар — «Қызылжар сүт» және Иван Зенченко атындағы сүт-тауарлы фермаларында болды. Сондай-ақ делегация Новоникольское ауылындағы «Зенченко және К» КС-нің жұмысымен танысты. Мұнда агроөнеркәсіп өндірісімен қатар әлеуметтік инфрақұрылым да белсенді дамып жатыр.

Сапар соңында делегация Мамлют ауданындағы «Арқалық» шаруа қожалығына барды. Мұнда бие сүтін өңдеу бойынша бірегей жоба жүзеге асырылып жатыр.

Shares