СҚО Минскіде өткен «Белагро-2025» халықаралық көрмесінде агроөнімдерін таныстырды
Солтүстік Қазақстан облысы Минск қаласында өткен «Белагро-2025» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысты. Бұл көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен 550-ден астам компания қатысып, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді көрсету мен әріптестік орнатуға арналған маңызды алаңға айналды, деп хабарлайды QZ News.
Көрмеде Қазақстан делегациясы жоғары деңгейде таныстырылды. Делегацияны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроазық-түлік нарығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры Сәуле Жұрынова бастап барды. Құрамында СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері мен еліміздің жетекші агроөнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылары болды.
Солтүстік Қазақстан облысының атынан көрмеге өңірдің сегіз ірі кәсіпорын қатысты:
- «КазМясоПродукт» ЖШС
- «EMC agro» ЖШС
- «Сұлтан ЭММК» АҚ
- «Зенченко и К» ӨК
- «Радуга» ЖШС
- «СК Протеин» ЖШС
- «Евразиан Милк» ЖШС
- «Тамаша 2050» ЖШС