Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Тимирязев ауданында американдық сортты қызыл жасымық өсірілмек

Тимирязев ауданында американдық сортты қызыл жасымық өсірілмек

«Атамекен-Агро-Тимирязево» ЖШС-де америкалық «Кримсон» сортының қызыл жасымығын егу үшін 8 мың гектардан астам жер бөлінді. Диқандар шетелдік өнімді 2 мамырдан бастап себуде. Ылғалды ұстау бойынша алдын ала жұмыстар жүргізілген. Серіктестік өкілдері топырақта жиналған суды тиімді пайдалану үшін егіс маусымының басталуын кейінге қалдырмауды ұйғарыпты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Екінші бригада күнбағыс себе бастады, оған 4200 га жер берілді. 11 мың га жұмсақ жаздық бидайға бөлінді. Біз – тұқым шаруашылығымыз, тұқым өсіреміз. Бізде 2,5 мың гектар бұршаққа, ал арпаға 1800 гектар арналды. Жалпы егістік ауданы 33 мың гектарға жуықтайды. Биыл әртүрлі дақылдар бойынша тәжірибе жинамақпыз, әртүрлі препараттарды қолданамыз. Өткен жылы жақсы нәтиже болды, бірақ орақ науқаны кезінде жаңбыр жауғандықтан, нәтиже 100% дұрыс болды деп айта алмаймыз”, – деді Тимирязев ауданындағы “Атамекен-Агро-Тимирязево” ЖШС басшысы Иван Самошкин.

Егіс жұмыстарына агроқұрылым 6 егіс кешенін жұмылдырады. Алқапта 22 маман жұмыс істейді.

Тимирязев ауданында 3 серіктестікте көктемгі егіс жұмыстары басталды. 10 мамырға дейін кәсіпорындар 7,5 мың га жасымық пен 9 мың га күнбағыс екті. Аудан алқаптарында 45 егіс кешені жұмыс істейді.

Тимирязев ауданында егін егуге 272 мың гектарға жуық жер бөлінді. 217 мың га дәнді дақылдар, майлы дақылдар 39,9 мың га алады. Ауданда жемшөп дақылдары үшін шамамен 15 мың га қарастырылған.

Shares