Қазақстанда 2025–2026 оқу жылының мектеп каникулдарының кестесі бекітілді
Қазақстанда Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2025–2026 оқу жылына арналған мектеп каникулдарының басталу күнін, ұзақтығын және мерзімдерін бекітті, деп хабарлайды QZ NEWS.
Оқу жылы 2 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен өткізілу тәртібі әр мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен анықталады.
Каникулдардың нақты кестесі келесідей:
- Күзгі каникулдар – 7 күн, 27 қазаннан 2 қарашаға дейін (қоса алғанда). Бірінші тоқсан – 8 оқу аптасы.
- Қысқы каникулдар – 10 күн, 2025 жылғы 29 желтоқсаннан 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін (қоса алғанда). Екінші тоқсан да 8 оқу аптасына созылады.
- 1-сынып оқушылары үшін қосымша каникулдар – 2026 жылғы 9–15 ақпан аралығы (қоса алғанда), 7 күн.
- Көктемгі каникулдар – 11 күн, 2026 жылғы 19–29 наурыз аралығы (қоса алғанда). Үшінші тоқсан – ең ұзақ тоқсан, 10 оқу аптасы.
- Төртінші тоқсан – 8 оқу аптасы, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.