Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қуандық Бишімбаев колонияға ауыстырылды

Қуандық Бишімбаев колонияға ауыстырылды

Қуандық Бишімбаев уақытша ұстау изоляторынан қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге ауыстырылды. Алайда қай өңірдегі мекемеге жеткізілгені нақтыланған жоқ, деп хабарлайды QZ Media тілшісі KAZ.NUR.KZ ұйымына сілтеме жасап.

“Бұл сотталған адам сот үкімі бойынша қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге ауыстырылды. Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар бекітілген жері бойынша жазасын өтеу орындарына жіберіледі”, – деп мәлімдеді ҚАЖК баспасөз қызметі өкілдері NUR.KZ тілшісіне.

ҚР ҚАК-нің 93-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын өтеу үшін колонияға әлі көшірілмегені белгілі болды. Ол тергеу изоляторында болған. Сондай-ақ ҚАЖК-де Бишімбаевтың сотталушымен төбелесі туралы ақпарат теріске шығарылды. Сонымен қатар, ведомство өкілдері “Астананы аралап жүрген” Бишімбаев туралы сұраққа жауап берді.

Shares