Петропавловск
+21°C
Главная страница » ҚР Президентінің Жолдауы » СҚО-да Жолдауды түсіндіру жөніндегі республикалық жұмыс тобы мәдениет өкілдерімен және шығармашыл жастармен кездесті

СҚО-да Жолдауды түсіндіру жөніндегі республикалық жұмыс тобы мәдениет өкілдерімен және шығармашыл жастармен кездесті

November 6, 2026 19:57

 

Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық жұмыс тобы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Оның құрамында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Елдар Күзенбаев, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Таласбек Қанафин бар, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада жұмыс тобының мүшелері мәдениет саласының өкілдерімен кездесіп, шығармашылық бастамаларды қолдау және саланы жаңғырту мәселелерін талқылады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Эльдар Күзенбаев атап өткендей, Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін мораторий енгізу көзделіп отыр. Сонымен қатар әлеуметтік саясат қайта қаралып, 2027 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін өседі.

Бұдан бөлек, республикалық жұмыс тобының өкілдері, атап айтқанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Эльдар Күзенбаев пен ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Таласбек Қанафин Qyzyljar Creative Center орталығына барып, оның жұмысымен танысты.

«Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар, онда белгіленген міндеттер мен оларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды. Әсіресе мәдениетті дамыту, шығармашыл жастарды қолдау және жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік жасау мәселелеріне баса назар аударылды», – деді Qyzyljar Creative Center басшысы Жайнагүл Успанова.

Жұмыс сапары барысында топ өкілдері тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесіп, Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Shares