Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

Петропавлда патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

November 9, 2026 10:30

Күнделікті рейдтік іс-шаралар барысында қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Петропавлдағы Әуезов көшесінде Renault Logan автокөлігін тоқтатқан. Рөлде қала маңындағы ауданның 34 жастағы тұрғыны болған. Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде екені ресми түрде расталды. Сонымен қатар, оның көлік құралын басқаруға құқығы болмаған, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

«Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл баптың санкциясы 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды көздейді. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында көлік құралын мас күйде басқарудың мыңға жуық дерегі анықталып, жолы кесілді. Рейдтік іс-шаралар тәулік бойы жалғасып жатыр», – деп хабарлады СҚО Полиция департаментінен.

Shares