Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Айыртау ауданының ауылдарының бірінде демалыс орталығы салынуда

Айыртау ауданының ауылдарының бірінде демалыс орталығы салынуда

November 1, 2024 08:57

Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаев «Amanat» партиясы филиалының комиссия мүшелерімен бірге Бірлестік ауылындағы демалыс орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Бұл жоба бойынша ағымдағы жылы «ТЕХНОКОМ» ЖШС-мен жалпы сомасы 156 669,6 мың теңгеге 2 жылдық шарт жасалды. Бүгінде нысанның қасбеті, төбені жылы материалмен қаптау, шатырды сайдингпен жабу, ғимарат ішіне плитка төсеу, тамбур орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал жылыту қазандығы дайындау сатысында.

Shares