«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға келді
August 11, 2025 19:00

Солтүстік Қазақстан облысына халық денсаулығын жақсартуға, әсіресе шалғайдағы ауылдық аймақтарда медициналық қызмет көрсетуге бағытталған арнайы пойыз келді, деп хабарлайды QZ NEWS.
Құрамында тәжірибелі дәрігерлер бар: терапевт, педиатр, кардиолог, гинеколог, офтальмолог, уролог, психолог, стоматолог, заңгер және өзге де бейінді мамандар.
Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы аялдау кестесі:
- Чаглинка – 13 тамыз
- Тайынша – 14 тамыз
- Октябрь – 15 тамыз
- Чкалов – 16 тамыз
- Ащыкөл – 17 тамыз
- Даут – 18 тамыз
- Талшық – 19 тамыз
- Қызыл-Ту – 20 тамыз
- Макинка – 22-23 тамыз
Тұрғындар тегін тексеруден өтіп, кеңес алып, қажет болған жағдайда ем қабылдай алады. Одан кейін пойыз Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына жол тартады.
