«СЕВКАЗЭНЕРГО» қызметкерлері энергетиктердің халықаралық байқауынан «күміс» жүлдемен оралды

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ командасы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің энергетиктері арасында өткен беделді халықаралық байқауда екінші орын иеленді. Виктор Пархоцюк, Надияр Құнанбаев, Иван Ефименко, Валерий Шукаев және Сергей Шаренков «2025 жылдың үздік тарату электр желілері бригадасы» атағы үшін өткен жарыста күміс жүлдегер атанып, қазақстандық мамандардың саладағы біліктілігін дәлелдеді, деп хабарлайды QZ News компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқау 27-30 маусым күндері Қырғызстанның Қаракөл қаласындағы Ыстықкөл электр желілері кәсіпорнының оқу полигонында өтті. Жарысқа Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген ең үздік командалар қатысты.
Екі күнге созылған қызу жарыс, күрделі тапсырмаларды мінсіз орындау және топтық үйлесімділік – осының барлығы солтүстікқазақстандық энергетиктердің лайықты жүлде алуына мүмкіндік берді.
«Бұл нәтиже – сіздердің кәсібиліктеріңіздің, табандылықтарыңыз бен энергетика саласына деген адалдықтарыңыздың заңды жемісі, – деді «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский. – Сіздер тек біздің дайындық деңгейіміздің жоғары екенін дәлелдеп қана қоймай, қазақстандық мамандардың халықаралық деңгейде де бәсекеге қабілетті екенін көрсеттіңіздер. Жеңіс құтты болсын!»
