Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстік Қазақстан облысы мен Шэньси провинциясы «жасыл» энергетика мен инвестициялық әріптестікті дамытуда

Солтүстік Қазақстан облысы мен Шэньси провинциясы «жасыл» энергетика мен инвестициялық әріптестікті дамытуда

ШЫҰ форумы аясында Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Шэньси провинциясының Мемлекеттік электр желілері корпорациясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Қытай тарапына партия комитетінің хатшысы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Сюэхун жетекшілік етті, деп хабарлайды QZ News.

Кездесу 2024 жылдың қарашасында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың Шэньси провинциясына сапары кезінде қол қойылған «жасыл» энергия көздері саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумның жалғасы болды. Тараптар бірлескен энергетикалық жобаларды іске асыру барысы мен болашағын, инфрақұрылымды дамыту мен Қазақстан аумағында заманауи энергия технологияларын енгізу мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Амрин қытайлық әріптестерге өңірдің іскерлік және инвестициялық климаты, сондай-ақ инвесторларға арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ұсынды.

«Чжан Сюэхун мырза Солтүстік Қазақстан облысына биылғы маусым айында келіп, өңірде жасыл энергетика нысандарын салу бойынша келісімдерді түпкілікті бекітуге ниетті екенін білдірді. Энергетика саласынан бөлек, тараптар «Aiju Group» пен Солтүстік Қазақстан облысы арасындағы өнеркәсіп, логистика және өндірісті жергіліктендіру секілді негізгі бағыттардағы жобаларды іске асыру жоспарын да талқылады», – делінген СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарламасында.

Shares