Солтүстікқазақстандықтар Петропавлда Көлік министріне сұрақтарын қоя алады
September 12, 2024 14:38

Жұма, 13 қыркүйек күні ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездеседі. Күн тәртібіне сәйкес ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Кездесу сағат 10:30-да Петропавл қаласы, Қазақстан Конститутциясы көшесі, 25 мекенжайы бойынша орналасқан С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ғимаратында өтеді.
Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Көлік министрі жол-жөндеу жұмыстарын және министрлікке ведомстволық бағынысты СҚО көлік инфрақұрылымы объектілерінің жай-күйін тексереді.
