Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да әлеуметтік сала мен білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері талқыланды

СҚО-да әлеуметтік сала мен білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері талқыланды

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды QZ News.

Күн тәртібінде әлеуметтік қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы және білім беру жүйесінде ашықтықты арттыру мен жемқорлық көріністерінің алдын алу шаралары қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі аталған бағыттағы жұмысты күшейту және қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

Shares