Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да пайдаланылмаған 30 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды

СҚО-да пайдаланылмаған 30 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды

2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысында пайдаланылмаған және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиісті талаптарды бұза отыра берілген 28,8 мың гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Оның 23,1 мың га жайылым болса, 3 мың га – егістік жер. Ал ағымдағы жылы жалпы жерді қайтару жоспары 140 мың га құрайды.

“АMANAT” партиясының облыстық филиалы жанындағы “Жер аманаты” өңірлік комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында ауыл шаруашылығы субъектілеріне қатысты 20 тексеру жүргізілгені, 6,2 мың га жайылым тексерілгені атап өтілді. Нәтижесінде 5,4 мың га алаңда 14 бұзушылық анықталғаны белгілі болды. 

“1 жыл мерзімге бұзушылықтарды жою туралы 14 ұйғарым берілді. Осы уақытқа дейін ауданы 44 га құрайтын жайылымда бір бұзушылық мерзімінен бұрын жойылды. 13 әкімшілік іс қозғалды, оның нәтижелері бойынша 1 млн теңгеден астам сомаға 13 айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды”, – деді жер ресурстарын басқару департаментінің бөлім басшысы Айтбай Байдүйсенов.

Shares