Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының курсанттары самбодан чемпионатта бес қола медаль жеңіп алды

Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының курсанттары самбодан чемпионатта бес қола медаль жеңіп алды

April 22, 2026 12:51

Орал қаласында 5517 әскери бөлім базасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының самбо бойынша чемпионаты өтті. Жарысқа Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясының курсанттары қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша «жауынгерлік самбо» дисциплинасында Ерасыл Тұрсынбай, Ернұр Мұхит және Тамирлан Жолдыбаев жүлдегер атанды. Ал «спорттық самбо» бөлімінде Рамазан Садыбаев пен Мадияр Мақаш қола медаль иеленді. Осылайша, петропавлдық курсанттар түрлі салмақ дәрежесінде жалпы бес жүлделі орынға қол жеткізді.

Бұл жетістіктер болашақ офицерлердің жүйелі дайындығы мен табандылығының нәтижесі болды.Боз кілемде көрсетілген жоғары кәсіби деңгей оқу орнының спорттық базасының тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Алдағы уақытта курсанттар өңір мен Академия намысын республикалық және халықаралық жарыстарда қорғауды жалғастырады деп күтілуде.

Shares