Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Астаналық есірткі тасымалдаушы СҚО-да ірі көлемдегі тыйым салынған заттармен ұсталды

Астаналық есірткі тасымалдаушы СҚО-да ірі көлемдегі тыйым салынған заттармен ұсталды

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция қызметкерлері прокуратурамен бірлесе істеген жұмысының барысында Астананың тағы бір тұрғынын есірткі таратты деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды QZ News.

Биылғы жылдың сәуір айында «Daewoo Nexia» көлігін басқарған 27 жастағы ер адам «Оңтүстік» бекетінде тоқтатылды. Көлікті тексеру барысында тәртіп сақшылары орындықтың астынан үш орам салынған барсетканы тапты. Ішінен 490 грамнан астам синтетикалық «α-PvP» есірткісі мен 100 грамнан артық каннабис шайыры анықталды. Бұл – аса ірі көлемдегі тәркіленген заттар болып есептеледі.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала мәліметке сәйкес, ұсталған азамат есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкендердің біріне «жұмыс істеген».

Еске сала кетейік, жуырда елордада синтетикалық есірткі таратқан тағы бір — 23 жастағы тұрғын да ұсталған болатын.

Shares