Петропавловск
+26°C
Главная страница » Жаңалықтар » Биыл «Жас Өркенде» көптен күткен 280 орындық балабақша есігін ашады

Биыл «Жас Өркенде» көптен күткен 280 орындық балабақша есігін ашады

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің құрылысын аралап көрді. «Жас Өркен» шағын ауданында 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мердігер ұйым «Основание» нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды QZ News.

Жаңа балабақша салу қажеттілігі – шағын аудандағы қарқынды құрылыс пен жас отбасылардың көшуіне байланысты туындап отыр. Мұнда көпқабатты тұрғын үйлер белсенді бой көтеруде.

Тағы бір қарқынды дамып келе жатқан шағын аудан – «Орталық». Осыған байланысты Уәлиханов көшесінде тағы бір 280 орындық балабақша салу жоспарланған.

«Жаңа нысандардың салынуы және жұмыс істеп тұрған балабақшалардың кеңейтілуі 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен барынша қамтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті облыс әкімі.

Shares