Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Мамлют тас жолындағы жол апатынан зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр күйінде қалып отыр

Мамлют тас жолындағы жол апатынан зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр күйінде қалып отыр

5 маусым күні Петропавл маңындағы Мамлют тас жолында болған жол апатында зардап шеккен екі адамның жағдайы туралы QZ News редакциясына Қалалық көпбейінді жедел медициналық жәрдем ауруханасында мәлімдеді.

Еске сала кетейік, жол апаты салдарынан төрт адам, оның ішінде бір бала қаза тапқан болатын. Ауруханаға 39 және 32 жастағы екі ер адам жеткізілген. 39 жастағы ер адам аса ауыр халде жеткізіліп, жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызылған.

«Тексеру нәтижесінде аралас жарақаттар анықталды: бет, мойын, арқа және жоғарғы аяқ-қолдарында (оның ішінде сол қолда күйік) кең көлемді термиялық күйіктер, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы, сүйек-буын жүйесі мен жұмсақ тіндердің жарақаттары. Жалпы күйік ауданы дененің шамамен 40 пайызын құрайды. Сонымен қатар, қабырғалардың, төменгі жақтың, омыртқаның, сол қол басы сүйектерінің және оң сирақ сүйегінің сынуы, бір саусақтың жарақаттық ампутациясы мен көптеген жаралар тіркелген. Жағдайын жарақаттық шоктың I–II дәрежесі ауырлатуда. Бүгінгі күні науқастың жағдайы өте ауыр және тұрақсыз күйінде қалып отыр. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде қажетті ем қабылдап жатыр», – деп хабарлады аурухана өкілдері.

Екінші зардап шеккен 32 жастағы ер адам да ауыр халде жеткізіліп, жарақат бөліміне жатқызылған.

Тексеру нәтижесінде мынадай аралас жарақаттар анықталған: бел омыртқасының II омыртқасының жабық компрессиялық сынуы (I дәрежелі), шат аралығының жыртылған, соғылған жарасы мен жамбас бұлшықеттерінің жарылуы, бет, мойын, кеуде және жоғарғы аяқ-қолдарында I–IIIА дәрежелі термиялық күйіктер (жалпы күйік ауданы – шамамен 10%), сондай-ақ бастың шашты бөлігінің соғылған жарасы тіркелген. Жағдайы жарақаттық шоктың I дәрежесімен күрделенген.

«Қазіргі таңда науқастың жағдайы ауыр болғанымен, тұрақты. Ол травматология бөлімінде емін жалғастыруда», – деп атап өтті дәрігерлер.

Shares