Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев азаматтарды интернет-алаяқтардан қорғау мәселесін көтерді
Осы жылы 538 қала тұрғыны киберқылмыскерлердің қақпанына түскен. Қоғамдық кеңесте қала әкімі Серік Мұхамедиев ұзақ жылдар бойы табан ет, маңдай терімен жинаған қаржыларын жерлестеріміз бірнеше минуттың ішінде танымайтын адамның шотына аударып жіберетіні өте өкінішті деді, деп хабарлайлы QZ Media тілшісі.
“Кейбіреуері тіпті ақшасы болмай тұрса да қарызға ақша алып беріп жатады. Яғни, онлайн несиелеу арқылы. Қазіргі заманда банктен қомақты қаржыны үйден шықпай ақ еш қиындықсыз алуға болады”, – деп жазды қала әкімі әлеуметтік желіде.
Бүгінгі кездесуде әкім екінші деңгейдегі банктердің өкілдерімен бірге несие алу процессін қауіпсіз жүзеге асыру туралы сұрақты талқылады.
“Банктер онлайн несие берудегі кейбір функцияларды шектей отыра, белгілі бір мүмкіндіктерден айырылып қалатындарын түсінемін. Бірақ тұрғындарды алаяқтардан қорғау үшін біз барлық әдістерді қолдануымыз қажет екенін ұмытпаған жөн. Бұл ең маңыздысы”,- деп жазды қала әкімі Серік Мұхамедиев өзінің Іnstagram парақшасында.