Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда елордалық жас жігіт синтетикалық есірткінің ірі партиясымен ұсталды

Петропавлда елордалық жас жігіт синтетикалық есірткінің ірі партиясымен ұсталды

Петропавлда полицейлер мен ҰҚКД Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қызметкерлері синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен Астананың 23 жастағы тұрғынын ұстады. Одан жарты келіден астам тыйым салынған зат тәркіленді, деп хабарлайды QZ News.

СҚО ПД мәліметінше, жас жігіт Петропавлға есірткі тарату мақсатында келген. Оны сәуір айында құқық қорғау органдары ұстаған. Ол тұрған жалдамалы пәтерден және «закладок» деп аталатын жерлерден ұнтақ тәрізді зат салынған орамдар табылған.

Сараптама нәтижесінде олардың жалпы салмағы 0,5 келіден асатын «α-PvP» және «мефедрон» атты синтетикалық есірткі екені анықталды. Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.

«Бұл жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер тәркілеген ең ірі синтетикалық есірткі партиясы. Жалпы, қаңтар айынан бері өңірде 139 есірткіге қатысты құқық бұзушылық тіркелген, оның 66-сы — сату фактілері. Заңсыз айналымнан 40 келіден астам түрлі есірткі және психоактивті заттар тәркіленді», – деп хабарлады СҚО ПД өкілдері.

Shares