Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді

Петропавлда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді

30 мамыр күні Петропавл қаласында «Халық заңгері» атты республикалық акция өтеді. Оның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, тегін заң көмегін көрсету, деп хабарлайды QZ News.

Акция аясында кез келген қала тұрғыны еліміздің үздік құқық қорғау саласы мамандарынан тегін кеңес ала алады. Олардың қатарында танымал адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары мен мемлекеттік орган басшылары бар.

Бұл шара ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік органдар мен еліміздің үздік заңгерлері мен адвокаттары. «Халық заңгері» акциясы бірнеше жылдан бері қазақстандықтар арасында сұранысқа ие дәстүрлі шараға айналды. Бұл акцияның ауқымы мен географиясы Қазақстанда ғана емес, әлемде де баламасыз.

Петропавл қаласында акция 2025 жылдың 30 мамырында сағат 17:00-де М. Жұмабаев көшесі, 91-үй мекенжайында орналасқан «Dostyq Mall» сауда орталығының 1-қабатында өтеді.

Shares