Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Ойқала шағын ауданын абаттандыру жұмыстары басталды

Петропавлда Ойқала шағын ауданын абаттандыру жұмыстары басталды

2024 жылы қатты су тасқынынан зардап шеккен Ойқала шағын ауданы жақын арада жаңаша кейіпке енбек. Қазірдің өзінде оны абаттандыру жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды QZ News.

Мұнда түрлі учаскелерде техника жұмыс істеп, скверлер салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Әлеуметтік желідегі жазбасында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, шағын ауданды абаттандыруға барлық аудан мен қалалық ұйымдар атсалысады. Ағаштар отырғызылып, шағын сәулет нысандары (ШАН), орындықтар, жарықтандырылған серуен аймағы орнатылады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, балалар мен спорт алаңдары, волейбол және футбол алаңдары салынатын болады.

Shares