Петропавлда «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында блиц-сауалнама өтті
Жастар ресурстық орталығының белсенділері облыс орталығындағы алаңда «ТәуелсіздікҚазақстан» акциясын өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Іс-шара блиц-сауалнама форматында өтті. Белсенділер қала тұрғындарына ТәуелсізҚазақстанның жаңа тарихына қатысты сұрақтар қойды. Акцияға қатысушылар естеліксыйлықтарға ие болды.
«Мұндай іс-шара қала тұрғындарының Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихы туралы білімдеңгейін арттыруға, олардың маңызды оқиғаларға, жетістіктерге және еліміздіңқалыптасуында маңызды рөл атқарған тұлғаларға деген қызығушылықтарын арттыруғакөмектеседі деп ойлаймын. Сондай-ақ петропавлдықтардың өз мемлекетіне дегенмақтаныш сезімі нығая түседі деген ойдамыз», – деді Петропавл қалалық жастарресурстық орталығының жетекшісі Дамир Абдин.