Петропавлда Жеңіс саябағында жастардың экологияға деген жауапкершілігін арттыру мақсатында квест-ойын өтті
Жеңіс саябағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Экологиялық серпантин» атты қызықты квест-ойын өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары, волонтерлер мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты, деп хабарлайды QZ News.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне деген қызығушылығын арттыру, экологиялық проблемаларға назар аударту, табиғатқа жауапкершілікпен және ұқыптылықпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ саламатты өмір салты құндылықтарын насихаттау болды.
Қатысушылар түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындады. Квесттің негізгі міндеттерінің бірі – «Таза Қазақстан» жалауын табу болатын.
Ойын соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.