Петропавлдағы №3 ХҚКО Совет көшесі, 34 мекенжайында азаматтарды қайта қабылдай бастады

15 қыркүйектен бастап Петропавлдағы №3 Халыққа қызмет көрсету орталығы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін өз жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.
Азаматтарды қабылдау бұрынғы мекенжайы – Совет көшесі, 34 мекенжайында жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары кезінде келушілерге қаланың басқа ХҚКО-ларында қызмет көрсетілді.
СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» филиалының мәліметінше, енді тұрғындар мемлекеттік қызметтерді алу үшін қайтадан №3 ХҚКО-ға жүгіне алады.
Облыстағы барлық ХҚКО жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Кезекші №1 ХҚКО дүйсенбі-жұма күндері 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.
