Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдық 8 жастағы Алан Қасым үшін шұғыл қаражат жинау жарияланды

Петропавлдық 8 жастағы Алан Қасым үшін шұғыл қаражат жинау жарияланды

December 11, 2025 16:50

Петропавлдық 8 жастағы Алан Қасымға шұғыл түрде сүйек кемігін трансплантациялау қажет. Дәрігерлер оған өте ауыр дәрежедегі апластикалық анемия диагнозын қойды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Алан Петропавл қаласындағы №1 гимназияның екінші сынып оқушысы. Ауыр диагнозға байланысты қазір ол үйде оқуға мәжбүр. Анасы Адина редакциямызға Аланның әрдайым белсенді, мықты бала болғанын және бұрын-соңды ауырмағанын айтты.

«Біз “Дельфиннің” жанында тұрамыз, сондықтан Алан ағасымен бірге жүзуге, жүгіруге – триатлон секциясына барып жүрді. Ол футболды өте жақсы көреді. Жазда бізден секцияға жаздырып қоюымызды сұрады. Бірақ сырқат салдарынан бұл жоспарлар кейінге қалды… Алан өте алғыр, бәрін сұрап, білгісі келіп тұрады», – дейді Адина.

Адинаның айтуынша, аурудың алғашқы белгілері биыл сәуір айында байқалған. Ата-анасы Аланның денесінде белгісіз көгерулер пайда болғанын көріп күдік туындаған, себебі ол ешқайда соғылмаған. Қан талдаулары өте нашар нәтиже көрсетіп, көрсеткіштер қалыптан айтарлықтай ауытқыған. Астана қаласындағы Ұлттық ана мен бала орталығында дәрігерлер балаға өте ауыр дәрежедегі апластикалық анемия диагнозын нақты қойды.

Ем ретінде Аланға бірден АТГам терапиясы тағайындалды. Адина бұл емдеу түрінің химиотерапияға ұқсас екенін айтады. Алайда күтілген нәтиже болмаған. Сондықтан ауруды жеңудің жалғыз жолы – 100 пайыз сәйкес донор тауып, сүйек кемігін трансплантациялау. Мұндай мүмкіндік табылды – Аланға Түркияның «Acibadem Altunizade Hospital» клиникасында ота жасай алады.

Қазір Алан Петропавлдағы Облыстық балалар ауруханасында жатыр. Жуырда оған тромбоциттер құю (трансфузия) жасалды. Ал отбасы Стамбулға жолға дайындалып жатыр және барлық қамқор жандардан көмек сұрайды. Жалпы қажетті сома – 41 миллион теңге, оның 5 100 000 теңгесі жиналды.

Реквизиттер:

4003035120934265 – Halyk Bank

4400430329390121 – Kaspi Bank

Анасы: Касенова Адина

Тел.: 8 777 999 46 69

Shares